Ректормен кездесу

2020 жылдың 26 ақпанында күні сағат 12:30 Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті инженерлік-технологиялық факультеттің мәжіліс залында университет ректоры, профессор Раушан Смадиқызы Габдуалиеваның кездесу болды. Кездесуге проректорлар мен декан, декан орынбасарлары, студенттік ректорат мүшелері қатысты. Дәстүрге айналған кездесудің мақсаты- студенттерді университеттегі білім жүйесімен жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспармен университеттің ішкі тәртіп ережелерімен және түрлі жеңілдіктермен таныстыру.Кездесу барысында оқу ақысы, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу, жатақхана жағдайын жақсарту және оқу үдерісіндегі ұйымдастыру жұмыстары, басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер туралы сұрақтар қойылды. Әр өтініш беруші ректормен және университеттің басқа да басшыларымен бетпе-бет сөйлесіп, ұсыныстарын ашық айтуға мүмкіндік алды.Университет басшылары өздерінің құзіреттеріне қатысты сұрақтарға дәйекті жауап берді.Кездесу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді,

Кездесу өзара түсіністік жағдайында, іскерлік қалыпта өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.