Жырлайды жүрек

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл шара – Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашуды мақсат тұтты.

Кеш барысында «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналаса, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Музыкалық білім беру» мамандықтарының студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, сырлы әндерін шырқады. Ақын өмірбаяны жайында бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ шараға қатысушылар Мұқағалидың өз өлеңдерін оқыған дауысын аудиотаспадан тыңдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.