«Еріктілер жылы 2020» аясындағы шарада құқықтық көмек көрсетілді

«Еріктілер жылы» аясында бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Баты Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау шарасы өткізілді.

Оған Әділет департаментінің қызметкерлері Е.Телекабель,Р.Телеупов,

нотариустар, мен адвокаттар, жеке сот орындаушылар,кеңесші заңгерлер мен БҚИТУ «Гуманитарлық –заңтану факультетінің» студенттер – еріктілері қатысты.

Қабылдауға келген азаматтарға жылжымайтын мүлік,алимент өндіру және мұрагерлік рәсімдеу т.б сұрақтарға толыққанды жауап беріліп,құқықтық кеңестер айтылды.

«Еріктілер жылы» аясысында мұндай шараларды Әділет органдарымен бірлесіп өткізу алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.