Республикада бақ сынайды

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған студенттік ғылыми-зерттеу жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті.

– Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. Сіздердің ғылыми-зерттеу жұмыстарыңыз еңбектеріңіздің дағдыларын қалыптастырады. Мына жұмыстарыңыз қазіргі заманға маман дайындау талабына сай ғалым, басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылықтың баспалдағы деуге болады. Нағыз маман болып қалыптасу үшін күн-түн демей кітапты көп оқуларыңыз қажет. Өйткені кітапты жанына серік еткен адамның келешегі кемел, болашағы жарқын болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарыңыз республикаға жіберіледі. Содан жүлделі орын алуларыңызға тілекшіміз, – деді шарада БҚИТУ-дың педагогика факультетінің ғылыми бөлім жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр мен академиялық қызмет бөлімінің басшысы Самал Машанова.

Оза шапқан бірқатар студентке дипломдар мен қаржылай сыйлық табыстап, жетекшілеріне алғыс хат берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.