ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!

Қадірменді ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
3 қазан, сағат 1500-де акт залында Ұстаздар күніне арналған  «Ұстаздың мәртебесі – ел мерейі!» атты мерекелік концертімізге шақырамыз.(Құрманғазы көшесі, 177А)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.