БОКСТАН (ерлер арасында) Х ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

18 мамыр күні сағат 12:00-де бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов атындағы спорт кешенінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиада аясында бокстан жарыстың жабылу салтанаты өтті.

Бокстан Х жазғы Универсиаданың жабылу салтанатына қатысқандар: Батыс Қазақстан Облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Аманбаева Әсия Рахымқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы спорттық-зертханалық бөлімінің орынбасары Мұхамедиева Мира Бекқазықызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы, жарыстың супервайзері AIBA халықаралық дәрежедегі төреші Базарбаев Дулат, №3 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ишекенов Талғат Хамидоллаұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі  Губашев Темірболат.

 

Бокстан жарысқа қатысушы командалар (ерлер арасында):

  1. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған );
  2. Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы );
  3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
  4. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан);
  5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы);
  6. Қайнар академиясы (Алматы);
  7. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау);
  8. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар);
  9. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз);
  10. Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Тараз);
  11. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (Семей);
  12. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан);
  13. Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар);
  14. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау);
  15. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті (Ақтөбе);
  16. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (Ақтөбе);
  17. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал);
  18. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал);
  19. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал).

         

     

Бокстан (ерлер арасында) Х жазғы Универсиаданың қорытындысы бойынша 19 команда (90 қатысушы) арасында жалпыкомандалық есепте жүлделі орындар төмендегідей:

I орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы (Орал);

II орын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз);

III орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (Ақтөбе).

57 кг салмақ дәрежесінде БҚИТУ педагогикалық факультетінің магистранты Мулдашев Сагындык І орынды иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы жүлдегерлерді марапаттады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.