БҚИТУ мен Шыңғырлау ауданының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 2019 жылдың 14 мамыры күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан тарихи-археологиялық жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатындағы бірлескен жұмыстар барысын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Жиында университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Смадинқызы Габдуалиева аталған бағдарлама аясында университетте атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасады. Шараға арнайы қатысқан Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Темірболатұлы Есалиев ауданның тарихи жәдігерлерге толы екендігін, тарихи ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде аймақтағы далалық зерттеулердің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осы жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді.

Шара соңында жаңа тарихи жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатында бірлескен жұмыстарды айқындайтын университет пен Шыңғырлау ауданының әкімдігі арасында екі жақты келісілген меморандумға қол қойылды.

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.