Экономикалық пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиадасының нәтижесі

2019 жылдың 26-сәуір  күні Алматы қаласында НАРХОЗ Университетінің «Құқық және әлеуметтік ғылымдар» мектебінің ұйымдастыруымен «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» пәндері бойынша (қазақ және орыс тілдерінде)  ІІІ Республикалық  пәндік олимпиада өткізілді.

Пәндік олимпиадаға Қазақстан бойынша 22 ЖОО-нан 180-нен аса  студенттер қатысып, білім сайысында өз бақтарын сынады.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен ІІІ Республикалық  пәндік олимпиадаға «Экономикалық теория» пәнінен  «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі С.А.Машанованың  жетекшілігімен 5В050900 – «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Сисенбай Арай, «Микроэкономика» пәнінен «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Г.М.Айтмуканованың  жетекшілігімен 5В050900 – «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Дәулетова Ақерке және 1 курс студенті Махсетова Айнура қатысып келді.

Пәндік олимпиада 4 тур бойынша өткізілді: I тур – тестілеу түрінде; II және III турда – тапсырмалар, IV тур  – есеп түрінде өтті.

Студенттеріміз теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.

«Микроэкономика» пәнінен барлық турдың қорытындысы бойынша 5В050900 – «Қаржы» мамандығының 1 курс студенті Махсетова Айнура жоғары балл жинап, жүлделі 3-ші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

Студент Сисенбай Арай «Экономикалық теория» пәнінен, Дәулетова Ақерке «Микроэкономика» пәнінен ІІІ Республикалық  пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, студенттерді дайындағаны үшін аға оқытушылар С.А.Машанова мен Г.М. Айтмуканова алғыс хатқа ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.