«Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық конкурс

2019 жылы 08-12 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Жас зерттеушілер – өркендеуші Қазақстанның болашағы» халықаралық фестивалі  аясында Ғылым және шығармашылық апталығы өтті. 11 сәуір күні «Тарих және ӘГП» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық байқауы өткізілді. Байқау Қазақстан территориясындағы тарихи-киелі жерлердің рухани-құндылығын және оның өлке тарихында алатын орнын дәріптеу мақсатында өткізілді.

Байқауға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультеті, тілдер және менеджмент факультеті, инженерлік-технологиялық факультет студенттері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің,  Республикалық жоғары техникалық колледж студенттері қатысты.

Байқауға тақырып бойынша презентация (слайд) мен қысқаша мәліметтер дайындалды. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер дипломмен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.