Тәрбие жұмысы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультет Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 16.09.2019-20.09.2019ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – тұтастық туы» апталығы өткізілді. Апталық барысында апталықтың ашылу салтанатына орай қабырға газеті сайысы өткізілді, 18.09.2019ж.  күні «English in my life» – пікірталасы, 19.09.2019ж. «Языковая и духовная близость народов  приуралья» атты әдеби кеші, 20.09.2019ж. апталықтың өткізілуіне белсенділік танытып қатысқан студенттерді марапаттау мақсатында қорытынды кеш өткізілді.

1 қазан – дүниежүзілік «Музыка» күніне орай «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Өнері асқақ өрендер атты» мерекелік концерттік шара өтті. Өнерлі студенттер әуезді ән шырқап, ырғақты би билеп, көңіл көтерер әзілдер ойнап, «Понтомимо» көрсетіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

2019 жылдың 9 қарашасында «Бастауыш  оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс кураторы Ш.И.Сағидоллинаның ұйымдастыруымен «ЖҚТБ – ғасыр дерті» тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

3 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінің жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Ұстаздың мәртебесі – Ел мерейі!» атты мерекелік шара өтті. Жыл сайын әлемнің жүздеген елі қазан айының бірінші аптасында осы мерекені атап өтеді. Бұл күні біздің педагог ұстаздарымызға жылы лебіз, алғыс-тілектер айтылып, мерекелік кештер ұйымдастырылып, гүл шоқтары табыс етіледі.

 

31 қараша «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» факультеті студенттерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде барлығы 7 баяндама жасалды, оның ішінде Қазақстанның тәуелсіздікке келген жолы, тәуелсіз Қазақстанның 28 жылда жасаған жетістіктері, негізгі әлеуметтік-экономикалық реформалары, даму стратегиясы, Президенттің белсенділігі арқылы Қазақстанның жеткен жетістіктері айтылды.Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында дөңгелек үстелдегі баяндамалар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалды.