Педагогика және психология

2005-2006 оқу жылы оқу орнында педагогикалық мамандықтардың  көбеюіне байланысты «Педагогика және психология» кафедрасы өз алдына бөлек құрылды.

Педагогика және психология кафедрасы:

  • 5B010300 “Педагогика және психология”
  • 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
  • 5В050300 «Психология»
  • 6М010300 «Педагогика және психология»

мамандықтары бойынша бакалавр және магистрлік дәрежесіндегі мамандар даярлаумен, барлық педагогикалық мамандықтарда педагогика және психология циклындағы пәндерді жүргізумен айналысады. Кафедра мамандық дайындауды бакалаврлар және магистр  дайындау деңгейінде ҚР МЖМБС  стандарттарына сай жасақталған оқу жұмыс жоспарлары негізінде(4 жылдық күндізгі бөлім, сырттай оқу түріне 5 жылдық, 3 жылдық, 2 жылдық) мерзімге жүзеге асыруда. Оқу процесі  кредиттік  жүйеде ұйымдастырылуда.

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары: дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену мақсатына бағытталған қоғамның жоғарғы білікті мамандармен қамтамасыз ету сұранысын қанағаттандыратын мамандар даярлау; студенттердің кәсіби білім алып, болашақ педагог мамандығын менгеруіне бағытталған жоспарлы оқу – тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; білім алушылардың әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу. Әсіресе, педагогика-психология бағытындағы кәсіби пәндердің әдістемесін жетілдіру, ЖОО оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық үрдіске енгізу мәселелерімен кафедра үнемі шұғылданып отырады.

Осы міндеттерді орындауда жан-жақты жасақталған кадрлар құрамының орны ерекше.

Бүгінгі күні штаттық бірлік бойынша- 25 оқытушы оқу процесін жүргізумен айналысуда. Оның ішінде – 1 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты (штаттағы оқытушыларға шаққанда 50 пайыз), 10 педагогика және психология магистрлері, аға оқытушы, 2 оқытушы бар.

Мамандар даярлау ісіне оқу сапасын жақсарту мақсатында ғылыми санаты жоғары оқытушылар п.ғ.д. профессорлар  Ярушкин Н.Н., Б.И Сарсенбаева., п.ғ.к., проф. Ломоносов И.М., п.ғ.к. доценттер  Кинжекова Р.С., Колесова Л.Г.,Обыденкина Л.В., Ахметов М.Ғ., Джонисова Г.К. псих.ғ.к. Нургалиев К.А  тартылған. Сонымен қатар, тәжірбиелі, әдістемелік тұрғыдан шындалған аға оқытушылар Нарицина Л.Г., педагогика және психология магистрлері Қадыржанова Ж.Е., Құрманғалиева Ж.Қ., Б.Т.Халикова., Н.П. Кирилина, Г.А. Жумагулова, Б.Н.Амангелдиевалар  т.б. оқу процесін жүргізуде.

Кинжекова

Кафедра меңгерушісі: Кинжекова Рысқаным Сәлімқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының  білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

Р.С.Кинжекова педагог мамандарды даярлаудың педагогикалық-психологиялық негіздері,жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру, оқытудың әдістемесі мәселелерімен айналысады. 40-қа жуық ғылыми мақалалары,3- оқу әдістемелік құралының авторы.Ғылыми ізденісінің қортындылары Бішкек, УФА қалаларында өткен ғылыми конфереция жинақтарында да жарияланды.

Ахметов

 Ахметов Мереке Гусмановичпедагогика ғылымдарының кандидаты,доцент. Кәсіби білім беру, педагог кадрлар біліктілігін  жетілдіру ғылыми зерттеу  институтында  ұзақ жылдар еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған білікті маман.  Оқытушылық қызметте де бірнеше сатыдан өткен. Мектеп мұғалімінен бастап, жоғарғы оқу орнының ұстазы дәрежесіндегі еңбек жолы жас ұрпақты тәрбиелеуде мол тәжірибе жинақтағанын  көрсетеді. Мереке Ғұсманұлы ғылыми деңгейін де үнемі жетілдіріп отырады. 70-ке жуық  ғылыми мақалалар жариялаған. Ғалым үнемі ізденіс үстінде. Қазіргі танда   мектеп педагогикасына  енгізілген жаңа технологияларды қолданудың әдістемесі, мектеп менеджменті мәселелеріне арналған лекциялар курсын дайындап өткізуде.

SONY DSC

 Джонисова Гүлжиян Кабдолгалиевна- педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИГУ доценті.

Ол “Бастауыш мектептің оқу – тәрбие үдерісінде оқушылардың  ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру” тақырыбында кандидаттық диссертациялық  жұмысын  13.00.01 мамандығы бойынша Атырау мемлекеттік университеті педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.02.   біріккен диссертациялық кеңесте сәтті қорғаған.  Жетекшісі – п.ғ.д., профессор Қ.Ж.Қожахметова. Ғылыми ізденістің қорытындысы Республикалық басылымдарда, ғылыми практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған: «Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты оқу -әдістемелік құралы (2011ж) басылып шықты (7,68 б.т.); «Ұлттық құндылық негіздері» атты    6 модульдік  электрондық оқу-құралы БҚМУ – дың «IT» орталығынан шығарылды.

Колесова

Колесова Людмила Геннадьевнапедагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.  Білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірбиесі мол. Бұл оған жастарды оқыту және тәрбиелеу ісінде өз тәжірибесін қолдануға зор мүмкіндік береді.  Студенттер

 Л.Г. Колесованы ұстаз және шығармашыл тұлға, түрлі  педагогикалық зерттеулердің жетекшісі ретінде жоғары бағалайды. Жыл сайын студенттерді ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындап жүр. Ғалымның зерттеу тақырыбына қатысты бірнеше еңбектері, сондай-ақ халықаралық және облыс көлеміндегі форумдар мен ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда баяндамалары жарияланып тұрады.

Обыденкина1

Обыдёнкина Лариса Валентиновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. «Педагогические условия профессионального саморазвития педагогов на основе методических порталов»  (13.00.08 мамандығы бойынша – кәсіби білім берудің теориясы және әдістемесі) тақырыбындағы диссертациялық зерттеуі тікелей тәжірибемен байланысты және педагогтардың кәсіби қалыптасуы мен кәсіби өсуін қамтамасыз ету жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан зерттеуге сіңірген еңбегі болып табылады.

В.Л. Обыдёнкина Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа моделін жасау ісімен айналысатын топтың құрамына кіреді. Ол халықаралық және республикалық көлемдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарына, кезекті ғылыми-педагогикалық басылымдарға 40-тан астам мақалалар жариялаған. 2011 жылы Л.В. Обыденкина “Повышение квалификации и переподготовка кадров: модернизация содержания формы, методы и технологии обучения» на базе «FOLKGHOGCKOLA» (Финляндия), Стокгольм Университеті (Швеция), Тартуск Университеті (Эстония) және «Высшая школа экономики» Ұлттық зерттеу университеті (Москва) бағдарламалары бойынша білім жетілдіру курстарынан өтті.

 

Иргалиев Асылбек Сапаргалиевич- педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИГУ доценті. 60- астам ғылыми еңбектерінің авторы, соның ішінде «Социально-педагогический словарь» (2010), және «Социальная педагогика» (2011) электронды құрал, «Семейное воспитание» (2012), «Социализация личности» (2013), монографии «Әлеуметтік педагогика» (2013) оқу құралдарының авторы.

Нургалиев Кеңес Айтжанович – психология ғылымдарының кандидаты, доцент, республикаға  танымал ғалым. Оның “ Түркі   халықтарының шығырмашылық ойлауының психологиялық аспектілері” тақырыбындағы ғылыми -зерттеу еңбегі психолог ғалымдар арасында жоғары бағаға ие болды.50-ге жуық ғылыми еңбектері жарық көрген.Соңғы жылдары магистрлер даярлаумен айналысып жүр.

 2

 «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары студенттердің мамандық икемділіктерін дамыту мақсатында сабақтарында іскерлік ойын, дебат, эвристикалық әңгіме, тренингтер арқылы ұйымдастырып, электрондық оқулықтар, ақпараттық технология мүмкіндіктерін жиі пайдалануға көңіл бөледі.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары әлеуметтік- гуманитарлық бағытқа, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын оқу процесіне енгізуге, педагогика және психология ғылымдарының жетістіктерін қолдана отырып, студенттерге кәсіптік бағдар беруге бағытталған.

Кафедра  оқытушыларының ғылыми – ізденіс  бағыттары: п.ғ.к.,доцент Л.Г.Колесова педагогикалық ұжымнын жұмысын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру, педұжыммен отбасы арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;  пс.ғ.к.,доцент К.А.Нургалиев проблемалық жағдаяттарды шешудің этноспихологиялық ерекшеліктері; п.ғ.к.,профессор И.М.Ломоносов жоғарғы оқу орны оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін дамыту; п.ғ.к.,доцент М.Г.Ахметов педагогикалық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жүйесі; п.ғ.к.,доцент Г.Қ.Джонисова  бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулерінің қортындыларының үнемі жариялап отырады.

2333

Кафедра магистрлары да Ж.Е.Қадыржанова қиын балалармен коррекциялық жұмыс жасау ерекшеліктерімен айналысса, Ж.Қ.Құрманғалиева дамуында психикалық ақаулары бар балалармен жұмыс істеудің кешенді диагностикасы мәселелерін зерттейді.Педагогика және психология магистрлері Б.Т.Халикова кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары; психология магистрі Б.Н.Амангелдиева ажырасқан отбасындағы жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктері мәселелері бойынша айналысуда.

Кафедраның ғылыми байланысты дамытуға арналған  қомақты жұмысы ретінде «Қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен келешегі» атты халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияны атап өтуге болады. Конференция педагог кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін  жан-жақты талқылауға арналды. Конференция жұмысына Алматы қаласынан «Тұран» университетінің психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанпейісова Корлан Кабыкенқызы, Санкт-Петербург қаласынан П.Ф.Лесгафт атындағы Ұлттық денешынықтыру, спорт және денсаулық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Никитин Сергей Николаевич, Белгород қаласынан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Собянин Федор Иванович, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының  кандидаты Черняева Татьяна Николаевна, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты  Өмірбаева Күләш Оқасқызы,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы  Мұхамбетжанова Әлия Мендешқызы қатысып, педагог мамандар даярлаудың жаңа бағыттары, мемлекет тарапынан қабылданып жатырған құжаттар жөнінде, өз оқу орындарында осы мәселенің қалай жүзеге асырылып жатырғанын мәлімдеді. Конференция секцияларына ҚР, Ресей мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындары оқытушыларының 124 мақаласы ұсынылды.

“Педагогика және психология” кафедрасы педагогикалық мамандықтардағы педагогикалық практика түрлеріне басшылық жасайды. Студенттердің кәсіптік дағдылары мен біліктерін қалыптастыратын бірден-бір жұмыстың түрі ретіндегі педагогикалық практикалардың өту жағдайлары толығымен ойластырылған  және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілген.

Кафедра студенттеріне жүргізілетін тәрбиелік шаралар өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін ояту, кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатына сай жоспарланады. Тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгізу қадағаланып, тиімділігі тәжірибеден өткізіліп, тәрбиелік мәнінің жоғары болуына мән беріледі.