Декан

Джумакаева

Джумакаева Баян Сабировна – к.х.н., доцент

Құрметті достар!

 Педагогикалық білім беру күллі Қазақстан білім беру жүйесінің ең маңызды саласы ретінде оның дамуының болашағын және сапалығын анықтайды.

Педагогикалық факультет – бұл бай дәстүрі және ғылыми, оқу-әдістемелік көпжылдық тәжірибесі бар факультет.

Біздің факультет басқару ісі мен педагогикалық қызметті, ғылымды жетілдіруге бағытталған дамудың инновациялық стратегиясын ұстанады.

Педагогикалық факультетте бес кафедра бар. Олар бакалавриат жүйесімен 13 мамандық бойынша  және экономика, педагогика бағытындағы магистратура  негізінде 6 мамандық бойынша   білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Педагогикалық факульттеттің басты құндылығы оқытушылар. Кәсіби білікті ғалым ұстаздардың арқасында біз бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындаймыз. Факультет ғылым және бизнес, білім беру салаларында көшбасшылық орын алады.

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы».

Құрметті жастар! Біздің педагогика факультетіне оқуға түсіп, талапқа  сай білім алып, болашақта үлкен жетістіктерге жетулеріңе БІЗ кепілдік береміз.

Құрметпен факультет деканаты