Педагогика және психология

«Педагогика және психология» кафедрасы төмендегі БББ бойынша бакалавр және магистр дәрежесіндегі мамандар даярлаумен айналысады:

  • 6В01101 – «Педагогика және психология»
  • 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
  • 6В03101 – «Психология»
  • 7М01101 – «Педагогика және психология»

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары:

  • дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену мақсатына бағытталған қоғамның жоғарғы білікті мамандармен қамтамасыз ету сұранысын қанағаттандыратын мамандар даярлау;
  • студенттердің кәсіби білім алып, болашақ педагог мамандығын менгеруіне бағытталған жоспарлы оқу – тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • білім алушылардың әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу;
  • педагогика-психология бағытындағы кәсіби пәндердің әдістемесін жетілдіру, ЖОО оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық үрдіске енгізу.

Кафедра барлық педагогикалық мамандықтарда педагогика және психология циклындағы пәндерді жүргізумен айналысады.
Педагогика және психология кафедрасы 2005 жылы өз жұмысын бастады. Құрылған күннен бастап кафедраны п.ғ. к., доцент Р.С. Кинжекова басқарып келеді. «Педагогика және психология» кафедрасы жұмысының тиімді және нәтижелі ұйымдастырылуы, оқу-тәрбие процесінің талаптарға сәйкес болуы меңгерушінің үлкен тәжірибесіне байланысты екені сөзсіз.

Кафедра меңгерушісі:

Кинжекова Рысқаным Сәлімқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

Р.С.Кинжекова педагог мамандарды даярлаудың педагогикалық-психологиялық негіздері, жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру, оқытудың әдістемесі мәселелерімен айналысады. 70-ке жуық ғылыми мақалалары, 5-оқу әдістемелік құралының авторы. Ғылыми ізденісінің қортындылары Бішкек, Уфа, Ний (Турция) қалаларында өткен ғылыми конфереция жинақтарында, халықаралық басылымдарда, (WebofScience,Scopus басылымдарда), шетелдік ғылыми журналдарда, ҚР-сы ғылым және білім беруді бақылау комитетінің басылымдарында жарияланып тұрады.

«6В01101 – Педагогика және психология», «6В03101 – Психология», «6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» БББ бойынша бакалавриат деңгейінде білім беру мазмұны кең базалық кәсіби даярлықты болжайды және болашақ мамандардың кәсіптік пәндерден терең білімге қол жеткізуіне бағытталған.
Кафедраның стратегиялық мақсаты – жоғары білікті педагог-психологтарды, психологтарды, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу педагогтарын сапалы біліммен қамтамасыз ету, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің заманауи талаптарына сәйкес кафедра қызметін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру.
Педагогика және психология кафедрасының стратегиялық даму мақсаты БҚИТУ миссиясы мен дамудың негізгі тұжырымдамалық ұстанымдарына негізделген.
Кафедраның миссиясы – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа формациядағы жоғары кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Болашақта миссияны жүзеге асыру өз бетінше ойлауға қабілетті, стратегиялық шешім қабылдауға ие, ұлттық және әлемдік білім беру жүйесіндегі жаһандық трендтерді басқаратын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Міндеттері:

  • білім беру траекториясын ескере отырып, құзыреттілікті қалыптастыру;
  • ПОҚ ғылыми қызметінің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын дамыту;
  • студент жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Кафедра дамуының негізгі тұжырымдамалық ережелері:

  • Білім беру қызметтерінің траекториясын қалыптастыру арқылы кафедра қызметінің сапасын жақсарту.
  • Қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық қызметті дамыту және тереңдету.
  • Білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу процестеріне инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу.
  • Білім беру ұйымдарымен, жалпы білім беретін мектептермен, жетекші Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен берік және нәтижелі байланыстар жасау.

Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы:
Жыл сайын кафедра оқытушыларының сандық және сапалық құрамы артып келеді, қазіргі уақытта 29 маман жұмыс істейді. Оның ішінде – 2 ғылым докторы,10 ғылым кандидаты (ғылыми дәрежелілігі -50%), 15 магистр және 2 оқытушы бар. Мамандарды даярлаумен ғылыми дәрежесі бар оқытушылар айналысады: п.ғ.д., проф. Курманалина Ш. Х., п.ғ.д., профессор, Бахишева С. М., п. ғ. д., доценттер Кинжекова Р. С., Колесова Л. Г., Обыдёнкина Л. В., Иргалиев А. С., Джонисова Г. К., Кудышева Б. К., Даулетов Н. Д. және басқалары. Оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру үшін тәжірибелі оқытушылар тартылды: аға оқытушы, психология және педагогика магистрлері Султаниязова Н.Ж., Кирилина Н.П., Баймуханова Б.К., Кадыржанова Ж.Е., Умбетова Г.М., Халыкова Б.Т. және т.б.
Кафедра ҚР МЖМБС-на сәйкес жұмыс оқу жоспарлары бойынша күндізгі – 4 жыл, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып – 2,5 жыл білім беру бакалаврларын дайындайды.

Джонисова Гүлжиян Кабдолгалиевна- педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ қауымдастырылған профессоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Ғалым «Бастауыш мектептің оқу – тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми – ізденіс жұмыстарын жалғастыруда. Ғылыми ізденістің қорытындылары республикалық басылымдарда, ғылыми практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланып тұрады. «Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты оқу -әдістемелік құралы басылып шықты (7,68 б.т.); «Ұлттық құндылық негіздері» атты 6 модульдік электрондық оқу-құралы БҚМУ – дың «IT» орталығынан шығарылды. Оқу үрдісінде қолданылып жүрген бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Магистрлік жетекшілік қызметінде де елеулі жетістіктерге жетіп жүр.

Колесова Людмила Геннадьевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірбиесі мол. Бұл оған жастарды оқыту және тәрбиелеу ісінде өз тәжірибесін қолдануға зор мүмкіндік береді.
Әріптестері мен студенттер Л.Г. Колесованы ұстаз және шығармашыл тұлға, түрлі педагогикалық зерттеулердің жетекшісі ретінде жоғары бағалайды. Жыл сайын студенттерді ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындап жүр. Ғалымның зерттеу тақырыбына қатысты бірнеше еңбектері, сондай-ақ халықаралық және республика көлеміндегі форумдар мен ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда баяндамалары жарияланып тұрады.

Тасимова Айслу Ахмадиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Конкорд (Франция) академиясының корреспондент мүшесі, Заманауи білім беру және зерттеу институтының мүшесі (Modern Education and Research Institute Бельгия), Білім беру ісінің үздігі.

Тасимова А.А. – білім алушылардың жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін білім беру процесінде белсенді және интерактивті технологияларды пайдалануды жақсы жолға қойған ұстаз. Профессор кафедраның оқу үдерісі мен ғылыми-әдістемелік жұмысын жетілдіруге де белсене қатысады.
Профессор халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен біліктілікті арттыру курстарына (Франция, Ресей) қатысып, өзінің кәсіби қызметінің практикалық нәтижелерінің тәжірибесімен бөлісіп, әр түрлі елдердегі білім беру жүйесін жаңғырту жолдарын салыстырмалы түрде талдаумен де айналысады. “ПОҚ арасында жаңа құзыреттіліктерді дамыту” атты курсынан өтті. (2017 жылғы 19 қараша – 2 желтоқсан, Брюссель (Бельгия), Роттердам (Голландия), Modern Education And Research Institute). 2015-2017 жылдары Франция мен Юнеско жоғары оқу орындарында пәнаралық тағылымдамадан өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың “Болашақ” бағдарламасы бойынша Голландия, Гаага, Лейден қалаларында тағылымдамадан өтті. (Лейден университеті, ДААС 2014-2015ж). Францияда пәнаралық тағылымдамадан өтті. (Held interdisciplinary training in France. UNESCO, University of Nice.05-14 Шілде 2017 ж. Франция, Париж 5-14 шілде 2017 ж.Францияның Конкорд халықаралық академиясы, Юнеско, Сорбон университеті.)
Білім беру сапасын арттыруға, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіруге, жаңа білім беру технологияларын нәтижелі пайдалануға қосқан жеке үлесі үшін Тасимова А.А. “ҚР ағарту үздігі” (1993) төсбелгісімен марапатталды; “ФИДЖИП-КОНКОРД-ЕУРОТАЛАНТ халықаралық қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін” және шығармашылық жетістіктері үшін профессор Айслу Ахмадиевна КОНКОРД халықаралық академиясының Мария Аньези атындағы медалімен марапатталды. (03.05.2016 жыл.) 2015 жылы Францияның Конкорд халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды, 22015 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “ЖОО үздік оқытушысы” мемлекеттік грантының иегері.
Ғалым қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде әдістемелік құралдар, оқулықтар әзірлеп, басып шығарды. Атап айтқанда, “Заманауи білім беру технологиялары” оқу құралы. -Алматы: ССК,2019.; “Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” оқу құралы. 2018 ж..Ақтөбе қ.; «Modernization of education» 2019.; Ethnopedagogics. 2019.

Бахишева Светлана Мендыгалиевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Білім беру ісінің үздігі, «Үздік оқытушы» .

Кафедра жанындағы «Қазіргі дидактика және білім беруді жобалау» педагогикалық зерттеулер зертханасының ғылыми жетекшісі. Ғылыми қызығушылықтары қазіргі білім берудің әдіснамасы мен дидактикасының мәселелерін, педагогикалық жобалау мен жобалаудың теориясы мен технологиясын, педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен тәжірибесін зерттеу болып табылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері 3 монографияда, оқулықтар мен оқу құралдарында, 100-ден астам ғылыми мақалаларда жарияланған., Түркия, RSCI «XIY Global Sciences» халықаралық ғылыми-практикалық журналында жарияланды.
Білім беру жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» Құрмет белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Набидоллина Шолпан Сагатовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ қауымдастырылған профессоры, Ы.Алтынсарин ат. медаль иегері.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. ЖОО түлектерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық шарттарын зерттеумен айналысады. Қазақстан Республикасының педагогикалық және гуманитарлық колледждері үшін әзірленген және еліміздің колледждерінің оқу процесінде қолданылып жүрген 56 ғылыми мақала мен 6 оқу құралының авторы. Бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді, мақаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық QAZAQ BILIMI журналында 2021 жылғы No1 (40) жарияланған.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Татарстан Республикасындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарында жарияланды, Гази университетінің PhD профессорымен бірлескен мақаласы Анкара, Түркия, RSCI «XIY Global Sciences» халықаралық ғылыми-практикалық журналында жарияланды.

КУДЫШЕВА БОТАГОЗ КИНАЯТОВНА – педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ қауымдастырылған профессоры, Ы. Алтынсарин ат. медаль иегері, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері».

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Қазақстандық адам ресурстарын дамыту институты» қоғамдық қорының президенті.
Ғылыми қызығушылықтары: жалпы педагогика, ғылыми зерттеу әдістемесі, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі, өзін-өзі тану негіздері, әлеуметтік-эмоционалдымазмұнын, әдімазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңғырту” бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.стері мен технологияларын жаңғырту” бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. оқыту, білім беру жүйесінің теориясы, әлеуметтік педагогика, тәрбие психологиясы. Оның педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселелері бойынша 120-ден астам жарияланымы және әлеуметтік жұмыс саласындағы 2 авторлық патенті бар.

Обыдёнкина Лариса Валентиновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ қауымдастырылған профессоры.

Ғалым “Әдістемелік порталдар негізінде педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуының педагогикалық шарттары” зерттеу тақырыбын практикамен тікелей байланыстырып, педагогтердің кәсіби өсуі мен қалыптасуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс әдіснамасын әзірлеуге елеулі үлес қосып келеді. Білім Министрлігінің бұйрығымен Л.В. Обыденкина ҚР БҒМ педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа моделін әзірлеушілер тобына енгізілді. Оның республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдарда, ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында 40-тан астам жарияланымдары бар. 2011 жылы Лариса Валентиновна “Folkghogckola” (Финляндия), Стокгольм Университеті (Швеция), Тарту университеті (Эстония) және “Экономика Жоғары Мектебі” Ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу) базасында “Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау: оқыту нысанының мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңғырту” бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Иргалиев Асылбек Сапаргалиевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ қауымдастырылған профессоры.

Базалық білімі – жоғары кәсіби білімі бар педагог-психолог (2000), педагогика магистрі (2005). 2009 жылы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиешілерінің табысты әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Оның 165-тен астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде Scopus – 1 мәліметтер базасына енгізілген журналдарда және ҚР ККСОН ұсынған журналдарда 20-дан астам. «Тұлғаны әлеуметтендіру» монографиясының, РУМСА ұсынған «Әлеуметтік педагогика» оқулығының авторы, «Әлеуметтік-педагогикалық сөздік» және т.б. «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ғылыми-теориялық, әдістемелік білімді қалыптастыру және болашақ мамандарды кәсіби даярлау мақсатында сабақтар интерактивті әдістер түрінде және ақпараттық технологиялар мен электрондық оқулықтарды тиімді пайдалана отырып ұйымдастырылады.
Мысалы, п.ғ.д., профессор С. М. Бахишева “Педагогтердің метадеректерін қалыптастырудың әдістемелік-әдістемелік негіздері” тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты-педагогтердің өздігінен білім алуын ұйымдастыруда жобалық қызметті дамыту, проблемаларды көре білу, мақсаттар қою, шешу жолдарын жоспарлау және жобалық іс-әрекеттерді формативті бағалау арқылы басқарушылық құзыреттілікті ұйымдастыру.

Сонымен қатар п.ғ.к.,доцент Л.Г.Колесовамен “Қалыптастырушы бағалау арқылы оқытуды басқару” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

«Педагогика және психология» кафедрасында жыл сайын қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылады. Кафедра Орал гуманитарлық экономикалық колледжінде «Интерактивтік білім беру технологиясы құралы бойынша колледждің болашақ мамандарының құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыптары бойынша шаруашылық келісімшарт тапсырыстарын орындайды.
2021 жылдың 11 наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған «Профессор Қ.Ж. Қожахметова атындағы этнопедагогика кабинеті», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша, білім алушыларға арналған «Мектепке дейінгі білім беру технологиялары» оқу кабинеті, “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелік кабинеттердің салтанатты ашылуы өтті.

Әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын іздеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесінің маңызды бөлігі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады (СҒЗЖ).
Оқу процесін толықтыратын СҒЗЖ мынадай нысанда ұйымдастырылады:
– ғылыми студенттік үйірмелердегі жұмыстар;
-студенттердің дәстүрлі ғылыми-практикалық конференцияларына, пәндік олимпиадаларға, республикалық ғылыми жұмыстар конкурстарына, кафедраның ғылыми семинарларына қатысу.
«6В01101 Педагогика және психология» 4 курс студенті Уразова А.Ж Нижний Новгород қаласында өткен студенттер мен магистранттарға арналған «Жыл Студенті-2019» халықаралық конкурсына қатысып, «Жылдың шетелдік студенті” номинациясын алды. (жетекшісі – Халикова Б. Т.)
Сондай-ақ ҚР БҒМ Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми – зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында «6В01101 Педагогика және психология» 4 курс студенті Уразова А.Ж. III дәрежелі дипломмен марапатталды. (ғылыми жетекшісі-Халикова Б.Т.)

2 дәрежелі дипломмен марапатталды (бакалавр); Уралбаева Дарина және Жалелова Аймаржан осы номинация бойынша жүлдегерлер атанды.
«Білім шапағаты» атты қашықтықтан ұйымдастырылған фестиваліне «6В02101 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Демесинова А.С. “Балалардың өзін-өзі бағалауы” тақырыбына мақаламен қатысып, грамота алды.

Рудный индустриалдық институты, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған өлке – жастар ұрпағының барлық бастамаларының негізі» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми – практикалық онлайн конференциясының материалдар жинағында: 6В03101 Психология 2 курс студенті Я.А. Щербакованың «Дүрбелең шабуылдарының психологиялық ерекшеліктері» (жетекшісі – Присташ В. В.) және 6В03101 Психология 4 курс студенті М.С. Куанышева «Мотивация мен өзін – өзі бағалаудың бастауыш мектеп жасындағы жетістіктермен байланысы» (жетекшісі-Кирилина Н.П.)., 6В01101 Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Г.Е. Жасқайратова «А. Құнанбаевтың Қара сөздерінің жастар тәрбиесіндегі маңызы» мақалалары жарияланды.
Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті және М.Өтемісов ат. БҚМУ-де 2021 жылдың 15 наурызынан 17 сәуіріне дейін педагогика, психология және дефектология пәндері бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсын өткізді, онда студенттер жүлделі орындарға ие болды: «6В03101 Психология» 2 курс студенті Уралбаева Д. «Орал педагогикалық колледжі оқушыларының мысалында жасөспірімдердің этникалық сәйкестілігінің ерекшеліктері» жетекшісі – аға оқытушы Султаниязова Н.Ж.; 4 курс студенті Жалелова А. «Ересек адам тұлғасының дамуындағы экзистенциалды дағдарыс» жетекшісі – пс.ғ.к, аға оқытушы Кадыржанова Ж.Е.; 4 курс студенті Тлешев А. «Жетістік түсінігі және ЖОО студенттерінің академиялық жетістіктерінің психологиялық ерекшеліктері» жетекшісі – пс.ғ.к, аға оқытушы Баймуханова Б.К. конкурс нәтижесі бойынша Тлешов Аманғали «Психология бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен марапатталды (бакалавр); Уралбаева Дарина және Жалелова Аймаржан осы номинация бойынша жүлдегерлер атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылғы 26 сәуір мен 29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында қашықтықтан форматта XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді. Студент Шевер Елизавета “6В03101 Психология” мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада III орын иеленді.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің “6В01101 Педагогика және психология” мамандығы бойынша “Болашақ” студенттер командасы педагогика және психология саласындағы кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz