Ғылыми-зерттеу жұмысы

КАФЕДРА ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

Аты-жөні, тегі Лауазымы,

ғылыми атақ-

дәрежесі

Тақырыбы
1 Ажгалиев М.Қ. каф. меңг.,

п.ғ.к., доцент

шешендіктану, қазақ тілін және шешендіктануды оқыту әдістемесі, қазіргі қазақ тілі морфологиясы, этнолингвистика
2 Мұсаев А.М. ф.ғ.д., профессор кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиеті, қазақ драматургиясы, қазақ сатирасы
3 Сабыр М.Б. ф.ғ.д., профессор көне түркі жаба ескерткіштерінің тілі, орта ғасыр ескерткіштерінің тілі, түркітану, қазақ тілінің тарихи грамматикасы
4 Бекмашева А.Н. ф.ғ.к., доцент қазіргі қазақ тіліндегі паронимдер
5 Қайыров А.Б. ф.ғ.к., доцент қазіргі қазақ тілі синтаксисі, іскери қазақ тілі, мемлекеттік тіл де іс жүргізу
6 Мамыров А.Ы. ф.ғ.к., доцент қажымтану, қазіргі қазақ әдебиеті мәселелері
7 Бейсенова Г.А. ф.ғ.к., доцент жұбантану, қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері
8 Абдульманов А.А. ф.ғ.к., доцент қазақ терминологиясы
9 Раманова А.А. ф.ғ.к., доцент қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
10 Мулдашева С.Б. ф.ғ.к., доцент қазақ тілі, халық ауыз әдебиеті
11 Құсайынова Д.Ж. п.ғ.к., доцент өзге тілді аудиторияларда орыс және қазақ тілін оқыту әдістемесі, әдебиеттік оқу әдістемесі, халық ауыз әдебиеті, қазіргі орыс әдебиеті
12 Даминова Л.К. п.ғ.к., доцент орыс тілі, кәсіби орыс тілі, орыс тілі негіздері, орыс тілін орта және бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі
13 Қуаныш Т.Т. аға оқытушы қазақ әдебиетін оқыту, Жанғали Набиуллин шығармашылығы
14 Исагулова Т.Р. аға оқытушы орыс тілі, кәсіби орыс тілі, орыс тілі негіздері
15 Сахметова А.Х. аға оқытушы кітапханатану мәселелері
16 Саматова Ж.М. магистр, аға оқытушы қазіргі орыс тілі, өзге тілі аудиторияларда орыс тілін оқыту әдістемесі, орыс тілі
17 Нұғманова Ж.Т. магистр, аға оқытушы мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері
18 Мурзабекова Г.Т. магистр, аға оқытушы қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби қазақ тілі
19 Таспаева С.Ж. магистр, аға оқытушы мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныпта музыканы оқыту әдістемесі мәселелері
20 Абуова А.С. магистр, аға оқытушы мәдени-тынығу жұмысы мәселелері
21 Нәби Ә.Ғ. магистр, оқытушы түркі тілдерінің салғастырмалы әдебиеті
22 Сапиева У.А. магистр, оқытушы салғастырмалы тіл білімі
23 Муратова А.С. оқытушы өзге тілі аудиторияларда орыс тілін оқыту әдістемесі

 

КАФЕДРАДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯЛАР, СЕМИНАРЛАР, ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

1. 2020 жылдың 28 мамыры күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми онлайн дөңгелек үстел оздырылды.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақын өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.

Дөңгелек үстел Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтудің Республикалық жоспары аясында өткізілді.

Дөңгелек үстел модераторы  ф.ғ.д., профессор М.Б.Сабыр. Ректорат атынан дөңгелек үстелге қатысушыларды Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор В.А.Бурахта құттықтап, сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің барлық факультеттерінің ғалымдары, сонымен қатар Ақтөбе, Самара, Уфа қалаларының ғалымдары қатысты. Жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Барлық баяндамалардың слайд күйінде таныстырулары қатар жүргізілді.

2.2020 жылдың 20 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Түркітану және алтайстика орталығының және Б.Б.Городовиков ат. Қалмақ мемлекеттік университеті «Түркітану және монғолтану ХХІ ғасырда: өткені, бүгіні, болашағы»  атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті. Конференцияны БҚИТУ ғылыми жұмыс және халықаралық қатынас жөніндегі проректор х.ғ.д., профессор В. А. Бурахта және ҚалмМУ ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры б.ғ.к., доцент К. Е. Бадмаева қатысты. Алдағы уақытта да екі университет арасында ғылыми-тәжірбиелік қарым-қатнасты жандандыруға тілек ниеттерін білдірді.

Конференцияда қазақ, қалмақ, моңғол тілдерінің ерекшеліктері, тарихи салыстырмалы зерттеулер, лингвомәдени тұрғыдан зерттеулер бүгінгі тіл мәселесінің өзекті тақырыптарына арналған баяндамалар тыңдалды.

Халықаралық конференцияға Элиста, Орал, Астана қалаларынан тіл білімі мамандары Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.

3.2020 жылдың 16-20 қараша аралығында «Қашықтан білім беру – уақыт талабы» атауымен «Сапа апталығы – 2020» аясында19 қараша күні «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары, оқу процесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында әдістемелік семинар, дөңгелек үстел, ашық сабақтар өткізді. Шаралар онлайн форматта Free Сonference Сall платформасы арқылы өтті.

2020 жылдың 16-20 қараша күні «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысыТ.Т.Қуаныштың – «Оқытудың жаңа технологиясы. Әдебиет сабақтарында модульдік оқыту технологиясын пайдалану» тақырыбындағы ашық сабақ болды.Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының КЯЛ-311 топ студенттерімен өтті. Сабақта модульдік оқыту технологиясында оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және топтық, ұйымдастыру және  диспуттар, пікір таластар) қолдану-оқытудың шарты болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларын қарастыра келгенде, модульдік оқыту технологиясын әдебиет пәніне лайық технология деп танылды. Сабақ барысында проза, поэзияны талдау модулі:

  1. Эстетикалық талдау
  2. Жүйелілік талдау
  3. Проблемалық талдау
  4. Тұтас талдау
  5. Тақырыптық талдау
  6. Салыстыра талдау бойынша М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында «Абай бейнесін» ашатын оқиғалар кестесінен тұтас талдау жүйесін жасады.. Ашық сабақ жақсы өтті. Топ студенттері белсенді қатысып, өздері дайындаған презентациялармен сабақ тақырыбын жан-жақты аша білді.

2020 жылдың 16-20 қараша күні «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының магистр, аға оқытушысы C.Ж.Таспаеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мазмұны мен құрылысы» тақырыбындағы ашық сабақ оздырылды. Ашық сабақтың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы туралы түсінік беру. Мектеп жасына дейінгі балалардың нота сауаттылығын қалыптастыру және музыканы тындау, қабылдау қабілеттерін дамытуда әр түрлі дидактикалық ойындарды қолдану. Сондай – ақ, балалаларға ән үйрету алдында дыбыс жаттығуларын қолдану арқылы қызығушылықтарын ояту.

Ашық сабақ барысында: компьютер, слайд, видеоролик, дидактикалық ойындар көрнекіліктер пайдаланылды.Сабаққа 12 студент қатысты. Ашық сабақ мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығының МДОТ-411 тобына өтті. Студенттер белсенді қатысып, атап айтар болсақ, Мұқтарова Əсем, Баймұхан Гүлжанат, Димисенова Алтынзер, Неғметолла Айару, Қатапова Армангүл, Ахметқалиева Айгүл баяндама оқыды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі – музыкаға деген қызығушылықты, сұранысты, қабілеттілікті, эстетикалық көзқарасты қалыптастыру, жалпы рухани мәдениеттің дамуына ықпал етуші музыка мідениетінің бастамасын қалыптастыру мақсатында жаңа білім беру технологияларын, оқыту әдістерін пайдалану жөнінде мол ақпарат берілді. Ашық сабақта мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің маңыздылығын оның міндеттерін айтылды. Сондай-ақ, балабақша балаларына дидактикалық ойын ойнату арқылы музыкалық сауаттылығын қалыптастыру. Сонымен қатар балалардың ән айту ережелеріне де тоқталды. Ашық сабақ жақсы деңгейде өтті.

2020 жылдың 16-20 қараша күні «Қашықтықтан оқытудағы тиімді кері байланыс жасау түрлері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Модератор – Ж.Т.Нугманова – магистр, «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы. Дөңгелек үстел «еркін микрофон» форматында өтті. Дөңгелек үстелге «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ажгалиев М.К., аға оқытушы, магистр Наби А.Ғ., аға оқытушы, магистр Сапиева Ү.А., Сапа бойынша бөлім меңгерушісі п.ғ.к, доцент Иргалиев А.С. және бастауышта оқыту педагогика мен әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Қашықтан оқыту жағдайындағы кері байланыс түрлері мен жолдары, сабақта қолдану әдістері талқыланды. ПОҚ өз тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер қашықтан оқытуда кері байланыс орнатуда туындайтын қиындықтар жөнінде өз ойларын жеткізді.

Дөңгелек үстел модераторы Жанар Темирхановна қашықтан оқуда тиімді бірнеше білім беру әдістерін таныстырды. Студенттер тарапынан да оқытушыларға қашықтан оқуда өз қиыншылықтарын айтып, пікір алмасты. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде қызықты өтті.

2020 жылдың 19 қараша күні «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Ғ.Наби «Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасы – қашықтан оқыту технологиясы» тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті.

Сабақ барысында кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Қашық оқыту туралы жалпы ақпараттар берілді. Дамыған елдерде 1995 жылдардан бері ұйымдастырылып келе жатқаны айтылып, ол елдердің тәжірибесін Қазақстан білім жүйесіне енгізілуі, тиімді жолдары айтылды.

Қашықтан оқуытудың Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде қалай, қандай платформалар арқылы өтетіні жөнінде толықтай таныстырылды. Студенттер де белсенділік танытып, қашықтан оқытудың артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойларымен бөлісті.

Әдістемелік семинарға «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ажгалиев М.К., аға оқытушы, магистр Нугманова Ж.Т.,Сапа бойынша бөлім меңгерушісі п.ғ.к, доцент Иргалиев А.С.және қазақ тілі мен әдебиеті, мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

4.9 сәуір күні Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Қасым тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті. Әдеби рухани шараның басты қонақтары Жандос Қожахметұлы Смағұлов- әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі. Жансая Жаңғазыұлы Жарылғапов әдебиеттанушы ғалым, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Қарағанды қаласынан Қ.Аманжоловтың Орал қаласында қызмет еткен кездерін зерттеу мақсатында арнайы келген ғалымдар, архив құжаттарынан газетте жазылған еңбектерін жинақтап жүріп, көптеген тың деректер тапқанын айтып бөлісті. Шара барысында Қ.Аманжолов сөзіне жазылған ән шырқалып, сұрақтар қойылып, ақын шығармалары қазақ халқының болашаққа бастар ұлттық коды, рухани байлығы екені айтылды.

Дөңгелек үстелге Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Нұржан Төлепов, филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz