Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be

Бөлім бастығы –

Абекешев Аянбек Иманбайұлы

Телефон: 8 (7112) 50-99-90.

E-mail:  abekeshev@mail.ru

Қызмет ету саласы:

«Тәрбие жұмысы» жөніндегі бөлім Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті 2015 жылдың  бірінші құрылған күнінен бастап жұмыс жасайды. Бөлім студенттік өзін-өзі басқару қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады. Университетте білімгерлердің әлеуметтік, интеллектуалды, шығармашылық және кәсіби әлеуетін ынталандыратын факультеттер және жатақханалар Кеңесі құрылып, жұмыс істейді. Студенттік белсенділер құрамына кіретін білімгерлер өз бастамасымен факультеттер мен жатақханаларда мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады.

Бөлім қызметінің мақсаты:

Жоғары азаматтық жауапкершілікке, патриоттық және толеранттық сезімге қабілетті, әлеуметтік-бейімделген және әлеуметтік-мобильді; зиялы, рухани бай, жоғары адамгершілік, кәсіби мақтанышты және ұжымдық тұтастыққа қатыстылығын сезінетін; эстетикалық дамыған және физикалық үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту; білімгерлердің өз кезегінде университеттің жалпы гуманистік қызметіне сай келетін интелектуалдық, адамгершілік және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайтын, гуманистік бағдарлау ортасын қалыптастырып, дамыту.

Негізгі міндеттері:

  • Университетте білімгерлермен  жүйелі тәрбие жұмысын ұйымдастыру,  мамандарды дайындау процессінде тәрбие және  білімнің бірлігін қамтамасыз ету, тұлғаның  интеллектуалды, мәдени, адамгершілік-эстетикалық, дене шынықтыру  тұрғысынан даму қажеттілігін  қанағаттандыруға арналған міндетті жағдайларды құруға;
  • Университеттің өмірі жайлы барлық мәліметтерді, жаңалықтарды БҚИТУ сайты және әлеуметтік желілер арқылы уақтылы жеткізе отырып ақпараттық саясат жүргізуге; тұрғындарды университет өмірі туралы жаңалықтармен ақпараттандыруға; аймақтық, республикалық, халықаралық деңгейге  ақпараттар аясын кеңейтуге;
  • Білімгерлердің өзін-өзі тәртіпке шақыру, жауапкершілік, еңбек сүйгіштік, патриотизм, жоғары рухани қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тиімді университеттік ортаны қалыптастыруға;
  • ЖОО-ның имиджін күшейтіп, беделін арттыру жұмыстарын қалыптастыруға;
  • Университет ұжымында, студенттік ортада ортақ мүдде мен қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыруға;
  • Студенттік өзін-өзі басқарудың дамуына ықпал етіп, студенттік қоғамдық бірлестіктер қалыптастыруда ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетуге;
  • Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша бағдар беруге (Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім секторлары, декан орынбасарлары, академиялық топтардың кураторлары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары);
  •  Мемлекеттік мекемелермен, республикалық және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасауға;
  • Спортклуб жұмысын бейімдеуге;
  • Университет дәстүрлерін, тарихын, туын, әнұранын және таңбасын сақтау және студенттердің Батыс Қазақстан инновациялық  – технологиялық университетінің білім алатындығын мақтан тұтуына ықпал етуге;
  • Стратегияны таңдау және оның тактикасының жүзеге асырылуы информсаясаттың  мақсатының табысы үшін өзекті сұрақтар болып табылады. Стратегиялық мақсат – ақпараттық аяның табысы, тактикалық мақсат – БҚИТУ сайтында және әлеуметтік желілерде жаңалықтың тұрақты желісін қамсыздандыруға;

БҚИТУ университеті атындағы ар-намыс кодексі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының студенттік қоғамы және оқытушылары жоғарғы білім жүйесінің басты мақсатының жүзеге асырылуы үшін өз жауапкершіліктерін сезіне отырып, кәсіби және мәдениетті жеке тұлға дайындау, дүниетанымдық әлеуетке ие, креативті ойлау қабілеті бар, мамандығы бойынша білімді де білікті және де ұжымдық басқару ұстанымдарының бекітілуі мен дамуын өз борышы санай отырып, Қазақстан Республикасының білімгерлері мен оқытушыларының ар-намыс Кодексін қабылдайды және оған мүлтіксіз баруға міндеттеледі.

Білімгерлердің жеке тұлғасының толыққанды дамуы үшін және олардың сабақтан тыс кезде шығармашылық әлеуетін  дамыту үшін қосымша шарттарды жасауға.

Университет ұжымы және студенттері арасында  жалпы мақсаттар мен қолайлы психологиялық  жағдайлар орнатуға міндетті.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің негізгі бағыттары:

Университеттік студенттік жастар Кеңесіне: тәрбие үрдісінің негізгі бағыттарын көрсететін модульдердің үйлестірушісі болып табылатын студенттік декандар кіреді. Университеттегі тәрбие жүйелі әрекеттесу принципіне сүйенеді – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі  бөлім – факультет – кафедра – оқытушы – тәлімгер – университеттің студенттік жастар кеңесі. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі  бөлімге білімгер жастармен тығыз байланыс орнату негізінде белсенді 4 білімгер 0,25 жүктемемен аталған бөлімге жұмысқа қабылданды.

       Нақты қойылған мақсаттарға және оларға жету жолдарын  университетте:

  • Азаматтық  және патриоттық тәрбие;
  • Рухани-өнегелі тәрбие, интеллектуалды-шығармашылық, эстетикалық және валеологиялық тәрбие;
  • Кәсіби және корпоративті тәрбиелеу;
  • Салауатты өмір сүруді қалыптастыру;
  • Құқық бұзушылықпен алдын – ала күрес жүргізу;
  • Құқықтық тәрбиені және діни мәдениеттілікті қалыптастыру сынды тәрбие модульдары бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі қазақстандық қоғамның даму қажеттіліктері жоғарғы оқу орындарының алдына жоғары білікті, бастамашы, алғыр, әлеуметтік ортаның жағымды өзгерістеріне дайын, әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі саладағы басқаруға қабілетті мамандарды даярлау талаптарын қояды. Осы аталған міндеттердің орындалуына әртүрлі студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметі айтарлықтай деңгейде жағдай жасайды.

2016-11-16_15-47-26

Тәрбие жөніндегі бөлімінің жоспары

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz