Декан

Қымбатты достар!

Қазіргі заман дүние жүзінде білім мен ғылымның құндылығын тек мойындап қана қойған жоқ, ол адамзат құндылығының бөлінбес бір бөлігі екендігін дәлелдеп отыр.

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біздің болашаққа салған жолымыз қазақстандықтар әлеуетін ашудың жаңа мүмкіндіктерін құрумен байланысты. XXI ғасырдағы дамыған елдер – бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар елі»,- деген болатын.

Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті – көп салалы, қазіргі заманғы материалды техникалық базамен қамтылған, бәсекелестік қабілетті, қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі.

Факультеттің ерекше міндеті – «қоғамда лайықты орын алатын және ең қажетті тиімді әрекет етіп, терең ойлайтын, белсенді, жоғары білікті мамандарды дайындау».

Бүгінгі күні біздің факультетіміз Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларына, қажетті 7 мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім мамандарын дайындайды, ал біздің факультет қабырғасынан шыққан 15 мыңнан аса жоғары білікті мамандар – біздің баға жетпес мұрагерлеріміз, біздің кәсіби және рухани байлығымыз.

Біздің факультеттің даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға талпындырады. Болашаққа ұмтылу факультет ұжымы үшін – үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандартын басшылыққа алу, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетті сақтау.

“Тілдер және менеджмент” факультетінде оқу – болашақ тұрақтылық кепілі.

Факультетке хош келдіңіз !