Студенттік құрылыс жасақтары

Кәзіргі таңда студент жастардың әлеуметтік осал санаттарын дамыту, оларды қолдау тетіктерін әзірлеу, студенттердің жазғы демалыс уақыттарында еңбекпен қамтылауына ықпал жасауда «Студенттік құрылыс жасақтары» облыстық штабы жазғы маусымды ашты.

Студенттік құрылыс жасағы – қаламызда студенттерді қоғамдық жұмысқа тарту, жастарды жұмыспен қамту және олардың жұмыспен қамтамасыз етілуін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын жүзеге асырылып келеді.

Осыған орай қаламыздың құрылыс нысандарында «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері маусымдық жұмысқа орналасуға ниет білдірсе (18 жасқа толған) өтініштеріңізді топ эдвайзерлер арқылы 2020 жылдың мамыр айының 25 жұлдызына дейін жіберуіңіз сұралады.

БҚИТУ ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.