Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

2020 жылдың 18 мамырында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қабырғасында «Тілдер және менеджмент» факультетінде, “Есеп және қаржы” кафедрасының ұйымдастыруымен кезекті республикалық «Адалдық сағаты» акциясын өткізуге арналған кураторлық сағат өтті. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты кураторлық сағат экономика ғылымдарының кандидаты “Есеп және қаржы” кафедрасының доценті Ерниязов Рустам Айбекұлы УА-111, УА-121,Ф-111,Ф-121 топ кураторы жетекшілігімен өтті.

Кураторлық сағатта “Есеп және қаржы” кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, “Тілдер және менеджмент” факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ж. Абдрахманова, “Адалдық алаңы” жобасының жетекшісі Э.М. Нургалиева қатысты.

Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге жақсы білім беру, сонымен қатар әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Студенттер Абайдың өлеңдерін мемлекеттік және орыс тілдерінде оқып, Абайдың Қара сөздерін айтып, презентациялық материалда ақынның және ағартушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы көрініс тапты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.