12 мамыр күні сағат 15.30-да Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті превенция жəне парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбына онлайн-дәрісті өткізді.

Дәріс барысында Б.М.Хайруллин Департаментпен жүргізіліп жатырған алдын-алу шараларына, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде Агенттікпен жүзеге асырылып жатырған «AntikorLive» жобасына тоқталды. Қазіргі қалыптасқан жағдайларда әр түрлі қызмет түрлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асыру, жеке басының мақсаты мен өз іс-қимылдарын социум үшін түсіну қажеттілігі өзекті болып табылады. Оқытушылар мен студенттер парасаттылық, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті туралы сұрақтар қойды. Ашық онлайн-дәріске БҚИТУ проректоры А. И. Абекешев, «Тілдер және менеджмент» факультетінің деканы Ж. Ж. Жұмаев, “Адалдық алаңы” жобасының жетекшісі Э. М. Нургалиева, студенттер мен магистранттар қатысты.

«СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА» – Жайық Үні/ zhaikuni.kz 

Жайық Пресс/ zhaikpress.kz

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz